«Қазақстан темір жолы» биыл жыл соңында қарыздарын өтеу үшін IPO өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, IPO-ны жыл соңында өткізу көзделген.

ҚТЖ-ның баланстық қарызы — 3,8 трлн теңге, ал номиналды қарызы — 4,7 трлн теңге. Оның 48%-ы «жұмсақ» валютада, 52%-ы «қатты» валютада.

Қазір IPO-ға дайындық жүріп жатыр, оған шамамен жарты жыл қажет.

Тартылған қарыз қаражаттары:

  • жылжымалы құрамды жаңартуға — шамамен 2,3 трлн теңге
  • инфрақұрылымды салу және жаңартуға — 1,1 трлн теңге
  • қосымша жобаларға — 1,3 трлн теңге жұмсалған

Бұған дейін ҚТЖ мамыр айында IPO өткізіп, шамамен 1 млрд доллар тартуы мүмкін екені хабарланған.