2025 жылдың алғашқы жарты жылында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) 86 млрд теңге таза табыс тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8% (8,4 млрд теңгеге) артық.
Компанияның табысы бір жылда 27% өсіп, 1,27 трлн теңгеге жетті. Жүк тасымалынан түскен табыс – 1,13 трлн теңге (+30,6%), жолаушылар тасымалы – 60,2 млрд теңге (+18,5%), мемлекеттік субсидиялар – 21,3 млрд теңге болды.
ҚТЖ табысының басым бөлігі Қазақстан ішіндегі қызметтерден түсіп отыр – 1,2 трлн теңге. Сонымен қатар Ресей – 18,2 млрд теңге, Қытай – 16,1 млрд теңге, Германия – 3,1 млрд теңге.
Жыл басынан бері ҚТЖ активтері 547 млрд теңгеге өсіп, 6,5 трлн теңгеге жетті. Капиталы – 2 трлн теңге (+54,6 млрд). Бірақ компанияның міндеттемелері де айтарлықтай ұлғайды: олар 12,3% артып, 4,482 трлн теңгеге жетті.