«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 100 пайыздық еншілес компаниясы — «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС AIX биржасында жалпы сомасы 236 млрд теңгеге екі түрлі мерзімсіз облигация орналастыратынын жариялады.

153 млрд теңгелік бірінші шығарылым жылдық 3,1% мөлшерлемемен, ал 83 млрд теңгелік екіншісі — 14,58% мөлшерлемемен орналастырылып жатыр. Купондық мөлшерлемедегі мұндай үлкен айырмашылық қаржыландыру көздерінің әртүрлі болуынан туындаған сияқты: мәселен, бірінші жағдайда — республикалық бюджет, ал екіншісінде — БЖЗҚ болуы мүмкін.

Бұған дейін компания 93 локомотив сатып алу үшін 447 млн доллар несие тартқан болатын.

Осы аптада ҚТЖ-ның тағы бір еншілес құрылымы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ да жалпы көлемі 17,86 млрд теңгеге мерзімсіз облигациялар шығарды. Ондағы купондық мөлшерлеме нышан ретінде (символикалық түрде) жылдық 0,01% деп белгіленген.