ALSTOM Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізеді, Қазақстан темір жолы АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан темір жолы,  Электровоз құрастыру зауыты ЖШС және ALSTOM 2028 жылға дейін 117 жүк электровозын жеткізу және сервистік орталықтар құру туралы келісті. Тиісті құжатқа Парижде Қазақстан-Франция Іскерлік кеңесінде қол қойылды.  

Салмағы 9000 тоннаға дейінгі жүк пойыздарын тасымалдауға қабілетті қуатты жүк электровоздары ескірген 1980 жылғы үлгідегі ВЛ-80 локомотивтерін ауыстырады. Бұл локомотивтің артықшылығы төмен шығындар, үнемді электр энергиясын пайдалану, жоғары сенімділік және қызмет көрсету шығындарының аздығы.  

Мәміленің кепілі Франция қаржы министрлігінің BPI France экспорттық-кредиттік агенттігі.  Францияның Société Générale банкі локомотивтерді сатып алуға төмен мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру ұсынады.