2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа салық заңнамасына сәйкес Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін өседі. Осыған орай Beeline тариф қымбаттайтынын хабарлады.

«ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі байланыс қызметтерінің, интернеттің және қосымша сервистердің құнына әсер етеді. Осыған байланысты тариф жоспарлары бойынша абоненттік төлемдер қайта қаралады. Біз жаңартылған бағалар туралы пайдаланушыларды өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеміз», – делінген Beeline хабарламасында.

Компания сұрақтар туындаса немесе кеңес қажет болса, мамандар көмектесуге дайын екенін, қолдау қызметі колл-орталықта және чат-боттарда тәулік бойы жұмыс істейтінін мәлімдеді.