HeadHunter Қазақстан компаниясы сайтында жарияланған хабарламалар негізінде осындай қызық мәлімет шығып отыр, деп жазады Forbes.kz.
Дағдарыс пен онлайн жұмыс режимі еңбек нарығын өзгерте бастады. Көптеген азаматтар үшін қосымша жұмыс нормаға айналып барады. 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда қосымша жұмыс іздеген резюмелер саны 252% өскен.Қазір қазақстандық еңбек нарығында екі үрдіс байқалады. Біріншіден, жұмысы барлар қосымша жұмыс іздей бастады. Екіншіден, компаниялар да уақытша немесе жобалық жұмыс ұсынуда.Қосымша істеуге болатын вакансиялар саны былтырдан бері 106% өсіп, жалпы бос жұмыс орындарының 1,5%-ын құрады.
Бұл үрдістің негізгі себебі халықтың табысының азаюы. Ал онлайн режим осыған ыңғайлы жағдай жасап берді. 2021 жылдың алғашқы тоғыз айында қашықтан істеуге болатын вакансиялар түрі 51% өссе, ал олардың саны үш есеге артты. Қашықтан істеуге болатын жұмыс көлемі жалпы вакансия санының 3%-ын құрайды.