Қор нарығын капиталдандыру 2024 жылғы қаңтарда 418,7 млрд теңгеге немесе 1,0%-ға азайып, 2024 жылғы 1 ақпанда 39,8 трлн теңгені құрады.
Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен «KEGOC» АҚ (-6,0%), «Kaspi.kz» АҚ (-4,0%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-1,7%) индекстік компанияларының акциялары бағасының төмендеуі есебінен 26,5 трлн теңгеге дейін 1,0%-ға немесе 255,9 млрд теңгеге азайды. Ағымдағы жылғы қаңтар айында акциялармен сауда-саттық көлемі «Кселл» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Матен Петролеум» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен бір айда 31,8%-ға немесе 6,4 млрд теңгеге азайып, 13,8 млрд теңгені құрады.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциясы болды.
2024 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша KASE индексі 4 258,7 тармаққа дейін 1,7%-ға ұлғайды.
«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 45 түрлі акция, 11 ETF және 53 шетелдік эмитент болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 8,4%-ға немесе 175,1 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы қаңтарда 2,2 млрд теңгені құрады.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2024 жылғы қаңтарда 13,3 трлн теңгеге дейін 1,2%-ға немесе 162,9 млрд теңгеге азайды.
2024 жылғы қаңтарда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,6 есе немесе 314,0 млрд теңгеге 511,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 108 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 418 шығарылымы болды.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 451,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 3,5 есе немесе 322,5 млрд теңгеге жоғары.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы қаңтарда 0,9%-ға 24,1 трлн теңгеге дейін өсті.
KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша 1,2 трлн теңгені құрап, бір айда 4,9 есе немесе 977,8 млрд теңгеге ұлғайды.
МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 40,9 есе немесе 977,4 млрд теңгеге 1,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,0 - 13,35% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 51 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 қаңтарда 2,8%-ға немесе 7,9 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 279,9 млрд теңгені құрады. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 242,5 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 86,7%-ын құрады.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2024 жылғы қаңтарда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 5,3%-ға артып, 2 575 мың шотты құрады, оның ішінде:
- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 701 мың қосалқы шотқа дейін 4,4 мыңға немесе 0,6%-ға ұлғайды;
- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 1 874 мың шотқа дейін 125 мыңға немесе 7,1%-ға өсті.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелін төмендету нәтижесінде 2024 жылғы қаңтарда 5,3%-ға немесе 37,3 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 665,7 млрд теңгені құрады. Міндеттемелер негізінен РЕПО операциялары бойынша берешектің 18,9%-ға немесе 38,4 млрд теңгеге төмендеуі есебінен 202,0 млрд теңгеге дейін 15,9%-ға немесе 38,2 млрд теңгеге азайды. Меншікті капитал бөлінбеген пайданың ұлғаю нәтижесінде 463,8 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға немесе 1,0 млрд теңгеге өсті.