Инвесторлар бағалы қағаздарға қатысты сауда жасағанда екі негізгі стратегияны қолданады: лоң (лонг) және шорт. Олар активтердің (акциялар, облигациялар, криптовалюталар және т.б.) бағасының өзгерісіне байланысты пайда табуға көмектеседі. Бұл туралы Jusan Invest жазады.

Лоң позиция (Long Position)

Лоң позиция – нарықтағы стандартты инвестиция әдісі. Мұнда трейдер немесе инвестор актив (мысалы, акцияны) сатып алады және оның болашақта бағасы өседі деп үміттенеді. Егер бұл болжам дұрыс болса, актив қымбаттаған кезде сатылып, пайда әкеледі.

Мысалы, сіз Apple компаниясының акциясын 100 долларға сатып алдыңыз. Егер акцияның бағасы 120 долларға көтерілсе, сіз осы 20 доллар айырмасынан пайда табасыз. Лоң позицияда негізгі мақсат – активті арзан бағада сатып алып, қымбатқа сату.

Бұл стратегия көбіне нарық өсімін күтетін немесе компанияның болашағына сенім артып отырған адамдарға қолайлы.

Шорт позиция (Short Position)

Шорт позиция — нарықтағы бағаның төмендеуінен пайда табуға бағытталған стратегия. Инвестор брокерден акцияны қарызға алып, оны нарықта сатады. Кейінірек, акция бағасы түсіп кеткенде, оны арзан бағаға қайта сатып алып, брокерге қайтарады.  

Мысалы, сіз Tesla компаниясының акциясын 100 долларға қарызға алдыңыз да, оны нарықта саттыңыз. Кейін акция бағасы 80 долларға дейін төмендеді, енді сіз сол акцияны қайта сатып алып, қарызыңызды жабасыз. Бұл жағдайда 20 доллар таза пайда алдыңыз.

Алайда, шорт стратегиясының лоңға  қарағанда шығын әкелуі қаупң жоғары. Себебі нарықтағы баға қалай жылжитынын болжау қиын. Егер активтің бағасы күтпеген жерден өссе, шорт позициясын ұстаған трейдер айтарлықтай шығынға ұшырауы мүмкін.