KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы маусым айында 2,5%-ға немесе 368,2 млрд теңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 324 шығарылымы болды.
2022 жылғы маусым айында KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі мамыр айына қатысты 67,1%-ға немесе 85,9 млрд теңгеге 213,8 млрд теңгеге дейін өсті.
Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің үлесі 1,6%-ды, брокерлік және дилерлік ұйымдардың үлесі – 5,3%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 8,3%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі – 83,4%-ды, жеке тұлғалардың үлесі – 1,4%-ды құрады. Бейрезиденттердің үлесі 11,9%-ды құрады.