Соңғы екі жылда халықтың қор нарығына қатысуы айтарлықтай ұлғайды, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. 

2022 жылғы алты айда бөлшек инвесторлардың саны жыл басынан бері 1,6 есеге артып, 367 мыңнан асты (1-график).

1-график. Орталық бағалы қағаздар депозитарийінде бөлшек инвесторларға ашылған шоттар саны

Өткен жылғы қарашадан бастап Қазақстан қор биржасының «KASE Global» алаңында шетелдік компаниялардың (Apple, Boeing, Microsoft, Ford, Pfizer және т.б.) бірқатар акцияларының сауда-саттығы іске қосылды, бұл азаматтардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтті.

Инвесторлық базаның айтарлықтай өсуіне қарамастан, экономикалық тұрғыдан белсенді халықты бағалы қағаздар нарығының өнімдерімен және көрсетілетін қызметтерімен қамту көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары емес (бүгінгі күні экономикалық қызметте жұмыс істейтін және брокерлік шоты бар азаматтардың үлесі – 4,1%-ды құрайды, 2020 жылы – 1,5%). Мысалы, Ресейде бұл көрсеткіш 20%-дан асады.

Бөлшек инвесторлар санының өсуіне қаржы құралдарының көбеюі мен банктердің брокерлікпен де айналысуы әсер етті.