2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қор нарығын капиталдандыру 2022 жылғы қыркүйекте 0,5%-ға немесе 263 млрд теңгеге (жыл басынан бері 13,6%-ға төмендеу) ұлғайып, 38,2 трлн теңгені құрады.
Акциялар нарығын капиталдандыру индекстік компаниялардың акциялары бағасының өсуі есебінен 0,6%-ға немесе 141 млрд теңгеге 22,8 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде жыл басымен салыстырғанда акциялар нарығын капиталдандырудың төмендеуі бір ай бұрынғы 21,2%-бен салыстырғанда 20,7%-ға дейін баяулады.
KASE индексі 2022 жылғы қыркүйекте 3 083,8 тармаққа дейін 2,1%-ға өсті. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 106 эмитенттің 121 акциясы болды, оның 47 шығарылымы KASE Global секторында айналысқа жіберілді. Ағымдағы жылғы қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі 15,0 млрд теңгені құрап, тамызбен салыстырғанда 93,7%-ға немесе 7,2 млрд теңгеге өсті.
Корпоративтік облигациялар нарығы 2022 жылғы тамыздағы аздаған төмендеуден кейін 2022 жылғы қыркүйекте 0,8%-ға немесе 121,7 млрд теңгеге 15,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бері 0,2%-ға өсті). Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында ақша-кредит талаптарының қатаңдауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдардың өтелуі аясында қорландыру құнының қымбаттауы нәтижесінде бұл нарықта теріс серпін байқалғанын атап өткен жөн.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 85 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 344 шығарылымы болды. 2022 жылғы қыркүйекте KASE-нің ресми тізіміне 7 эмитенттің («Сейф-Ломбард» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Fincraft Group» ЖШС, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Логиком» АҚ, «Банк» Bank RBK» АҚ және «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ) 14 облигациялар шығарылымы енгізілді.
2022 жылғы қыркүйекте KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 140,7 млрд теңгеге дейін 48,6%-ға немесе 46 млрд теңгеге ұлғайды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2022 жылғы қыркүйекте 19,5 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға немесе 164,8 млрд теңгеге өсті.
2022 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 25%-ға немесе 161 млрд теңгеге төмендеп, 484,0 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 230,4 млрд теңгеге дейін 51,1%-ға немесе 240,4 млрд теңгеге төмендеді.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ұжымдық инвестициялау нарығында 44 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.
Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер, негізінен, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары құнының төмендеуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте 49,6 млрд теңгеге немесе 10,3%-ға азайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 431,4 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 90,7%-ын немесе 391,4 млрд теңгені құрады, оның 96,8%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 39 брокер және дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан-банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE-нің негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 443 079 қосалқы шотқа дейін 35 962-ге немесе 8,8%-ға өсті (жыл басынан бері 101,2%-ға немесе 222,8 мың қосалқы шотқа өсті).
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері ағымдағы жылғы қыркүйекте 2,0%-ға ұлғайып, 523,6 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері өсім – 3,6%). 2022 жылғы қыркүйекте міндеттемелер 5,8 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға өсті. Меншікті капитал 400,0 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға немесе 4,6 млрд теңгеге өсті.