Егістік гектарына жоғары инвестиция тек лайықты өнімділікпен ғана емес, сонымен қатар астықтың оңтайлы бағасымен де ақталуы керек. Осы маусымда сатуда қиындықтар туындады, нарықта сұраныс жоқ, ал бірнеше ұсыныстар бағасы жағынан қызық емес, дейді «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущак.
Алайда, фермер сұраныстың пайда болатынына және бағаның өсетініне сенімді.
«Ең бастысы — егінді сатуға асықпау, — деді Павел Лущак, — Өкінішке орай, қазір қоймалардың жетіспеушілігінен көптеген фермерлер егінді өте төмен бағамен сата бастады. Бірақ алдыңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, артық көлем нарықтан шыққан кезде бағалар қалпына келеді».
Қазақстанның солтүстігінде 3-санатты бидайдың тоннасына қазір ары кетсе 65 мың теңге (ҚҚС-пен). Қазір шаруа қожалықтарынан бидай тоннасы 50 мың теңгеден (ҚҚС-сыз) сатып алынады.