Биыл қараша айында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ Қаратон Подсолевой учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.
ҚМГ басшысы Асхат Хасенов пен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Магановтың кездесуінде Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр бірінші барлау ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Қазір учаскеде бұрғылау жабдықтары орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасында басталады деп жоспарлануда.
Қаратон подсолевой учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ жұмыс істеп тұрған кен орындарының жанында орналасқан.
Тараптар мұнай-химия саласындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылады.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың 21 ақпанында Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша Сатып алу-сату шарты, Акционерлер келісімі және Қаржыландыру шарты жасалған болатын.