2024 жылғы 23 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2023 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.
Дивидендтер төленетін кезең – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.
Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 65 (алпыс бес) теңге.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленетін қаражаттың жалпы сомасы – 25 000 826 435 (жиырма бес миллиард сегіз жүз жиырма алты мың төрт жүз отыз бес) теңге.