«ҚазТрансОйл» АҚ-тың компаниялар тобы кеңейтілген жиын барысында 2024-жылдың I жартыжылдығындағы өндірістік қорытындыларын шығарды.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылдың I жартыжылдығында мұнай тасымалдаудың және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 23 млн 218 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың I жартыжылдығындағы көрсеткіштен 1 млн 86 мың тоннаға немесе 5% артық.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында жеке «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 22 млн 265 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 912 мың тоннаға немесе 4% артық.
Есепті кезеңде «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 9 млн 127 мың тонна мұнай тасымалданған, бұл 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішінен 161 мың тоннаға аз. Мұнайдың жүк айналымы 8 млрд 219 млн тонна-километрді құрады, ол 2023 жылғы І жартыжылдық қорытындысынан 112 млн тонна-километрге аз.
2024 жылғы І жартыжылдықта «МұнайТас» СБҚК» ЖШС мұнай құбыры бойынша тасымалданған мұнай көлемі 2023 жылғы сәйкес кезең деңгейінде сақталып, 2 млн 735 мың тоннаны құраған. Мұнайдың жүк айналымы 15 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 117 млн тонна-километрді құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды ауыстырып тиеу көлемі 953 мың тоннаны құрады, ол 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішінен 175 мың тоннаға жоғары.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры арқылы «Магистральдық суағызғы» ЖШС 12 млн 745 мың текше метр тұщы су жеткізген. 2023 жылғы І жартыжылдық көрсеткішімен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі 1 млн 362 мың текше метрді құрады.