«ҚазТрансОйл» (ҚТО) 2024 жылы «Дружба» магистральдық мұнай құбыры арқылы Германияға 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды жөнелтуді жоспарлап отыр, бұл 2023 жылға арналған бастапқы жоспарларға сәйкес келеді, деп хабарлады ҚТО.

«ҚазТрансОйл» АҚ мен «Транснефть» ПАҚ (қоғамдық акционерлік қоғам) 2024 жылы Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен 12,5 млн қазақстандық мұнайды тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды, 2024 жылға арналған жоспар 1,2 миллион тонна», - делінген хабарламада.

Қаңтар-тамыз айларында компания Қарашығанақ кен орнынан Германияға 489,6 мың тонна мұнай жөнелтті (ақпанда және наурызда 20 мың тонна, сәуірде 50 мың тонна, кейін ай сайын 100 мың тонна). «ҚазМұнайГаз» бас компаниясы мен Энергетика министрлігі Германияға 20 мың тонналық сынақ партиясын «Дружба» арқылы 2022 жылдың аяғында, содан кейін 2023 жылдың қаңтарында жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады, бірақ жеткізу тек ақпан айында жүзеге асты.

«ҚазТрансОйл» ресейлік «Транснефть» компаниясымен биылғы жылы «Дружба» арқылы Германияға 1,2 мдн тонна қазақстандық мұнай жеткізу туралы келісімге келген, бірақ ай сайынғы жеткізу көлемі 100 мың тонна болып қала берсе, бұл көрсеткішке қол жеткізілмейді. Егер жеткізілімдер ағымдағы айлық көлемнен артпаса, онда Германияға 890 мың тонна қазақстандық мұнай тасымалданады.