202ші жылдың ІІ тоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға 37,9 мың тонна Ресей мұнайын жөнелтті.
2023-ші жылдың I тоқсанында бұл бағыттағы ресейлік мұнай транзитінің көлемі 10,7 мың тонна болған. Мұнайды тасымалдау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Еске салайық, Ресей мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстан Республикасына айдау 2017 жылы басталған болатын. 2017 жылы транзит көлемі 67,9 мың тоннаны, 2018 жылы 36 мың тоннаны құрады. 2019-2022 жылдары Ресей мұнайының Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиті болған жоқ.