Қазақстанның ұлттық пошта желісінің операторы «Қазпочта» АҚ енді цифрлық активтермен фиат операцияларын жүзеге асыра алады. Компания Қазақстанның коммерциялық банктерімен (екінші деңгейлі банктер – ЕДБ) қатар осы қызметтерді көрсете алатын ұйымдардың тізіміне ресми түрде енді. Тиісті өзгерістер Цифрлық активтерге қызметтерінің жеткізушілері мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасындағы өзара іс-қимыл қағидаларында көрсетілген.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Өзара іс-қимыл қағидаларына ұлттық пошта желісінің операторын қосу арқылы фиат арналарының тізімін кеңейтетін нақтылаушы өзгерістер енгізді.
АХҚО қаржылық инновацияларды, соның ішінде ең жылдам дамып келе жатқан бағыттардың бірі болып табылатын цифрлық активтер саласын дамытуды белсенді түрде қолдайды. Түзетулер ұлттық пошта желісінің операторына фиат арнасы ретінде әрекет етуге, яғни өз клиенттеріне ақшалай қаражатты толықтыру және алу бойынша қаржылық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Жаңа фиат арнасының қосылуы цифрлық активтермен қызмет провайдерлері үшін таңдауды кеңейтіп, осылайша жаңа қатысушылардың реттелетін цифрлық активтер нарығына шығуын жеңілдетеді.
Өзара іс-қимыл қағидаларына енгізілген өзгерістер – Қазақстанды цифрлық қаржы мен инновацияның жетекші орталығы ретінде тұрғыландыру бойынша кеңірек бастаманың бөлігі. «Қазпошта» АҚ-ның кең желісі мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, АХҚО мен оның серіктестері өсіп келе жатқан цифрлық активтер нарығына сенімдірек қолдау көрсетуге ұмтылады.
«Цифрлық активтер индустриясын дамыту үшін фиат арналары маңызды рөл атқарады. «Қазпошта» АҚ-ның Өзара іс- қағидаларына қосылуымен АХҚО цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлері мен цифрлық активтерге инвесторлар фиат арнасын таңдауда көбірек мүмкіндіктерге ие болады. Біз сондай-ақ АХҚО цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің сауда-саттық көлемінің ұлғаюын күтеміз. Сонымен қатар, фиат арналарын ұсынатын ойыншылар санының артуы да бәсекелестікке ықпал етеді, бұл тұтастай индустрияға оң әсер етеді. АХҚО-да жаһандық крипто-хаб құру мақсатында АХҚО цифрлық активтер саласындағы инновацияларды дамытуға қолдау көрсетуді алда да жалғастыруға ниетті», — дейді AFSA Бас директоры Нұрхат Көшімов.
«Қағидаға Қазпоштаның қосылуы цифрлық активтер саласына қызығушылық танытатын азаматтарымыз, клиенттеріміз және бизнес субъектілері үшін жаңа көкжиектерді ашады. Қазпоштаның қаржылық өнімдері мен инфрақұрылымдық шешімдерін пайдалана отырып, клиенттер цифрлық активтермен жұмыс істеу үшін фиат қаражатын енгізе және шеше алады. Биылғы жылы «Қазпошта» төлем карталарын ұстаушыларға криптовалюталарды сатып алу үшін криптобиржаға фиат қаражаттарын салуға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, біздің бөлімшелерге бармай-ақ, криптобиржадан картаға фиат қаражатын ондайн аудару бойынша кері операциясын орындау бойынша алғашқы коллаборация жоспарлануда», — «Қазпошта» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Жанасова.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында АХҚО-да лицензиясы бар барлық цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің сауда-саттық көлемі 543 млн АҚШ долларынан асты. Мұндай айтарлықтай сауда-саттық көлемі Қазақстандағы цифрлық активтер нарығында қызығушылық пен белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді.