Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі KMG International N.V. (ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) 50%-ға дейінгі бөлігін 2026–2027 жылдары ашық екі кезеңді конкурс арқылы сатуды ұсынды. Компания жекешелендіруге шығарылатын нысандар тізіміне енгізілді.

Сатудың мақсаты – бизнесті бірлесіп дамыту үшін стратегиялық серіктес тарту.

Агенттік атап өткендей, топ құрамында Румыния, Швейцария, Болгария, Грузия, Молдова, Түркия және Қазақстанда 28 операциялық компания бар (Rompetrol-France компаниялар тобындағы 49% үлесті есептемегенде).

KMG International-дің Румынияда екі мұнай өңдеу зауыты, мұнай терминалы, Rompetrol бренді негізінде төрт елде 1,4 мың сату нүктесі және басқа да активтері бар.

ҚазМұнайГаз бұл МӨЗ-дер үшін мұнайды Қазақстаннан да, басқа жеткізушілерден де сатып алады. Компания Румыниядағы екі мұнай өңдеу зауытын Қазақстандағы өзіне тиесілі үш ірі МӨЗ-ді жаңғыртудан бұрын модернизациялап үлгерген.