2022 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының (ҚМГ) директорлар кеңесі акционерлерге 300 млрд теңге көлемінде дивиденд бөлуді ұсынды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Директорлар кеңесі тексерілген қаржылық есептілікке сүйене отырып, 2022 жылы алынған 1 289 млрд теңге көлеміндегі таза кірісті мына тәртіппен бөлуді ұсынады:
- ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 300 млрд теңге сомасында қаражат бөлу;
- 989 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыру;
2022 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңгені құрайды.
Баспасөз релизінде дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2023 жылдың 30 мамырында өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысында мақұлдамақ.
2021 жылдың соңында ұлттық компания 200 млрд теңгеге дивиденд төледі, бір жай акцияға 327,8 теңгеден.
Айта кетейік, бұған дейін компания өзінің өндіріс нәтижелерін туралы хабарлаған еді.