«Самұрық-Қазына» 3 жылға «ҚазМұнайГаз» акцияларының дивидендтерінің кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін бекітпек, деп хабарлайды AIX баспасөз қызметі. 

Халықаралық инвесторлар апталығы аясында AIX жыл сайын өткізетін Қаржы сауаттылығы Форумы аясында «Самұрық-Қазына» қорының даму және жекешелендіру бойынша басқарушы директоры Ернар Жанәділ IPO өткеннен кейін 3 жылға «ҚазМұнайГаз» акцияларын дивиденттерінің  кепілдендірілген ең төменгі мөлшерін бекіту туралы шешімін жариялады. 

«ҚазМұнайГаз» акцияларының листингі 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылмақ.

«ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алуға өтінімді AIX және KASE биржаларының брокер-сауда мүшелері арқылы беруге болады, сондай-ақ Tabys қосымшасы немесе «Қазпошта» бөлімдерінде тікелей жазылым арқылы қатысуға болады. IPO-ға қатысу жолдары туралы толық ақпаратты www.aix.kz сайтынан табуға болады.

«Өткізілгелі отырған ІРО-ның ерекшелігі қазақстандықтар эмитенттердің акцияларына тікелей жазылу тәсілін пайдалана алаындығында. Бұл ІРО өткізудің әлемде кеңінен танылған іс-тәжірибесі. Мәселен, Ұлыбритания Корольдік  поштасының 2013 жылғы «Халықтық ІРО-сы» - сәтті кейстердің бірі. Біз бұл тәжірибені «ҚазМұнайГаз» акцияларын тез  әрі еліміздің кез келген өңірінен алу мүмкіндігі бар қазақстандықтардың саны көбейе түсу үшін пайдаланып отырмыз. Тікелей жазылымды брокерлік шот ашпай-ақ, Tabys мобильді қолданбасында рәсімдеуге болады», деді АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров.

Тікелей жазылым әр түрлі себептер бойынша шот ашып үлгермеген, бұрындары қор нарығында инвестиция жасамаған және брокер таңдауға көбірек уақыт қажет ететін қазақстандықтар үшін тиімді. Сондай-ақ сатып алынған акцияларды тез сатуды және бастапқы уақытта брокерлік шот ашуды жоспарламайтын адамдар үшін қолайлы.

АІХ-тегі Қаржылық сауаттылық форумының шеңберінде жекешелендіру және ІРО бойынша сессия өтті, оған «Самұрық-Қазына» қорынан, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан, «Қазпошта» акционерлік қоғамынан, сондай-ақ Freedom Broker, Halyk Finance, BCC Invest және Sky Bridge Invest брокерлік компанияларынан спикерлер қатысты.

Бұл компаниялардың өкілдері «Самұрық-Қазына» қорының бастамасы бойынша 2022 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қазақстанның 60-тан астам қаласында халықпен және өндірістік компаниялардың жұмыскерлерімен 100-ден аса кездесу өткізді. Өңірлерде 84-ке тарта адам «ҚазМұнайГаздың» алдағы ІРО-сы туралы өз сұрақтарын оның ұйымдастырушыларына тікелей қою мүмкіндігіне  ие болды.

Таяудағы екі апта ішінде Астана және Алматы қалаларында халықпен және ірі кәсіпорындардың жұмыскерлерімен кездесулер өтпек.