Қазатомпром АҚ компанияның 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген мәліметтерге сәйкес, компанияның меншікті капитал 1 537 101 млн теңге болды, 2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 1 339 792 млн теңге болған еді.
Жиынтық активтер 1 951 504 млн теңге (2020 жылы 1 689 279 млн теңге), жиынтық міндеттемелер 414 403 млн теңге (2020 жылы 349 487 млн теңге) болды.
Сату көлемі 691 011 млн теңге (2020 жылы 587 457 млн теңге), жалпы кіріс 288 044 млн теңге (2020 жылы 267 833 млн теңге)
Таза пайда 220 026 млн теңгені құрады, 2020 жылы 221 368 млн теңге болған еді.
Жай акцияның баланстық құны 5 699 млн теңге, алдыңғы жылы 4 935 млн теңге болған еді.
Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік Қазатомпром АҚ және оның еншілес компанияларының барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді.