Қазатомөнеркәсіп Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Батыс елдеріне уран жеткізуде қиындықтарға тап болды, деп атап өтті компанияның бас директоры Мейіржан Юсупов Financial Times газетіне берген сұхбатында.
«Бізге өнімдеріміздің барлығын болмаса да, көпшілігін азиялық серіктестерге сату әлдеқайда оңай – мен нақты бір елді атамас едім... Олар біздің өнімдеріміздің барлығын дерлік ала алады, бірақ біз барлық жұмыртқаны бір себетке салғымыз келмейді», — деді.
2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК жеткізулерінің 49%-ы Азия нарығына, 32%-ы Еуропаға және 19%-ы Америка нарығына жіберілді.
Жалпы, Қазақстан дүниежүзіндегі уранның 43%-ын өндіреді, бұл ОПЕК картелінің мұнай секторындағы нарықтық үлесіне тең. Ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазатомөнеркәсіптің»14 кен орнының бесеуінің үлесіне ие. Келісімдер бойынша бұл 20%, деп түсіндірді Юсупов.