Freedom Broker Қазатомөнеркәсіп акциясының асыра бағаланғанын айтады.

Компанияның 2025 жылғы қаржылық есебінен кейін сарапшылар бағалауын жаңартты:

  • бір акцияның мақсатты бағасы 35 500 теңгеге дейін көтерілді (бұрын 27 900 болған);
  • қазіргі бағамен салыстырғанда 6% артық бағаланған, ұсыныс өзгермеді — «Ұстау».

Есеп «бейтарап» деп бағаланды. Себебі:

  • табыс (выручка) өсімі тоқтаған;
  • таза пайда өткен жыл деңгейінде қалған;
  • операциялық ақша ағымы 57% өскен.

Соңғы бір жылда компания акциясы 136%, ал соңғы жарты жылда 55% өсті.