Қазатомөнеркәсіп 2025 жылдың 9 айындағы қаржылық есебін шығарғаннан кейін Freedom Broker компания акциясына қатысты болжамын жаңартты.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ 2025 жылдың тоғыз айындағы қаржылық есебін шығарды. Байытылған уран сатылымының әлі болмауына қарамастан, компанияның кірісі аздап өскен. Доллар бағамының өсуі компанияға теңгемен түсетін табысты арттыруға мүмкіндік берді. Күкірт қышқылымен болған мәселелерді шешу аясында маржиналдылық пен таза пайда айтарлықтай жақсарған.

«Біздің бағалау моделімізде айырбас бағамы, WACC (капиталдың орташа өлшенген құны) және болжамды кіріс төмендетілді, бірақ операциялық маржа жоғарылатылды. Нәтижесінде, біздің «Қазатомөнеркәсіп» акцияларына берген бағамыз 27 900 теңгені құрады, бұл KASE-дегі қазіргі бағадан 2% артық (яғни, акциялардың қазіргі бағасы біздің бағамымыздан сәл төмен). Ұсыныс — «Ұстап тұру», – деп жазды Freedom Broker мамандары.

Айта кетсек, Қазатомөнеркәсіптің таза пайдасы биыл 28,5% азайып кетті. биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша, компанияның шоғырланған кірісі 1,2 трлн теңгені құрады. Операциялық пайдасы 498 млрд теңгеден асты. Таза пайда 533 млрд теңге болды.