Alatau City Invest компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының бірден 27,4% арзандайтынын болжап отыр. Брокер компанияның 2025 жылдың 9 айындағы қаржылық есебі шыққаннан кейін бағасын жаңартты.
«Бір акцияның мақсатты бағасы $38,5 / 20 815 теңге деңгейінде қалдырылған (мамыр айында $33,1 / 16 550 болған). Потенциал – қазіргі бағадан –27,4%», – делінген хабарламада.
Тікелей ұсыныс берілмеген, «Бейтарап рейтинг» көрсетілген.
Айта кетсек, Қазатомөнеркәсіп 2025 жылдың 9 айындағы қаржылық есебін шығарғаннан кейін Freedom Broker де компания акциясына қатысты болжамын жаңартқан еді. Олар да акция арзандайтынын болжап отыр.