«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2023 жылғы 25 мамырда жергілікті уақыт бойынша 15 сағат 00 минутта (GMT+6) шығарылған Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АЖЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша сырттай дауыс беру нәтижелерін жариялады.
АЖЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 құрады. 2023 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлердің иелігіндегі номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны - 219 719 594 дана. АЖЖЖ-да Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,25% құрайтын, жиынтығында 218 068 607 қарапайым акцияны иеленетін акционерлері және олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді.
АЖЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір негізгі мәселе бойынша акционерлердің дауыс беріп, шешімдер қабылданды.
2022 жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы
Акционерлер Компанияның дивидендтік саясатын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы аудиттелген қаржылық көрсеткіштер негізінде 2022 жылғы пайдадан төленетін 774,88 теңге сомасында бір қарапайым акцияға (бір ҒДҚ бір қарапайым акцияға тең) есептегендегі дивиденд мөлшерін бекітті. Осылайша, дивидендтер сомасы шамамен 200,97 миллиард теңгені құрайды, бұл Компанияның дивидендтік саясатына сәйкес бос ақша ағынының 76% құрайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу 2023 жылғы 17 шілдеден бастап акционерлер тізілімінде тіркелген тұлғаларға 2023 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті уақыт бойынша 00 сағат 00 минут (GMT+6) басталады.
Ірі мәміле – «CNNC Overseas Limited»компаниясымен табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын және табиғи уран концентраттарын сатып алу-сату жөніндегі өзге де мәмілелерді жасасу туралы
Отырыс қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы табиғи уран концентраттарын сату-сатып алу бойынша ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу арқылы CNNC Overseas Limited компаниясымен ірі мәміле жасасу туралы оң шешім қабылдады. Сонымен қатар, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен CNNC Overseas Limited компаниясы арасында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерінің жалпы баланстық құнының мөлшерінен екі жүз пайызынан аспайтын табиғи уран концентраттарын сату-сатып алу бойынша басқа да мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәмілелер Қазақстан мен Қытай арасындағы атом саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін береді, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұзақ мерзімді сату портфелін арттырады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазатомөнеркәсіптің Жарғысына негізгі өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасындағы, «Самұрық-Қазына» АҚ Ішкі құжаттарындағы өзгерістерге байланысты Қомпанияның жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің және Басқармасының құзыреттеріне қатысты болды.
Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесіне Аға тәуелсіз директор лауазымы енгізілді. Сол кезеңдегі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Жалғыз акционерінің 2015 жылғы 27 мамырдағы шешімімен бекітілген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару кодексі («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы шешімі, № 22/15 хаттама) Аға тәуелсіз директордың қызметін оның тағайындалуы мен негізгі функциялары бөлігінде регламенттейді. Осы Кодекстің тиісті нормалары Компания Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу кезінде пайдаланылды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
Дауыс беру қорытындысы бойынша бұл мәселе бойынша шешім қабылданбады, өйткені оны қабылдауға дауыс беруге қатысушы Қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс бермеді.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II Заңының 55-бабының 2-тармағына сәйкес Директорлар кеңесінің осы құрамының өкілеттік мерзімі жаңа Директорлар кеңесі сайланатын акционерлердің жалпы жиналысын өткізу сәтінде аяқталады.
Компанияның Директорлар кеңесі құрамының мәселесі қаралатын Компания акционерлерінің келесі кезектен тыс жалпы жиналысы 2023 жылғы 21 маусымға шақырылды.
Сонымен қатар, Директорлар кеңесінің мүшесі – Компанияның аға тәуелсіз директоры Рассел Банхэм мырза 2023 жылғы 25 мамырдан бастап өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш жіберді.
«Мен Рассел Банхэм мырзаға Қазатомөнеркәсіптің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Ол IPO-дан бері халықаралық деңгейде мойындалған күшті корпоративтік басқару мәдениетін қоса айтарлықтай жақсартуларды енгізуге қол жеткізді және Компанияның қызметіне баға жетпес тәжірибе әкелді», - деді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нил Лонгфэллоу.