Қазақтелеком АҚ 2022 жылдың 31 мамырындағы баспасөз хабарламасын ұсынды.
Қазақтелеком АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 29,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17% өсті.
Компания кірісі 4%-дан астам көбейді. 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 143 млрд теңге болды, былтыр осы уақытта 137 млрд теңге болған еді.
Компания қызметінің оң нәтижелері нарықтың барлық сегменттерінде компанияның көшбасшылық позицияларын сақтауға, атап айтқанда, "Мобайл Телеком – Сервис" ЖШС және "Кселл"АҚ ұялы операторларын қоса алғанда, топ шеңберінде әртүрлі активтердің синергия мүмкіндіктерін барынша пайдалануға бағытталған таңдап алынған даму стратегиясының дұрыстығын кезекті рет дәлелдейді, деп жазады компанияның баспасөз қызметі.