«Қазақтелеком» АҚ-ның таза табысы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 88 млрд теңгеден асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға ұлғайды.
Бұл ретте, бұрын жарияланған шоғырландырылған есепке сәйкес, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында телеком-оператор таза пайданың 13%-ға, 50,5 млрд теңгеге дейін төмендегенін көрсетті, бұл қызметкерлердің әл-ауқатын арттыруға және қолдауға бағытталған шығындардың ұлғаюына байланысты болды.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша таза пайда көрсеткішін 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жақсартуға мүмкіндік берді,
«Биылғы жыл жалпы ел үшін, бизнес үшін де, азаматтар үшін де оңай болған жоқ. Алайда, менің ойымша, біз барлық қиындықтарды сәтті еңсеріп, ел Президенті жариялаған жаңа Қазақстанды бірге құрып келеміз. «Қазақтелекомның» бұл жобаларға тікелей қатысы бар: Біз digital-сервистерді белсенді дамытып, елдің өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарын, жергілікті және орталық атқарушы органдарын цифрландыруға көмектесеміз. Біз бірнеше жыл бұрын өз жұмысымызда үлкен деректерді кеңінен қолдануға кірістік – және осы уақыт ішінде бүкіл елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін осы сегментте өзіміздің бірқатар құралдарымызды жасадық. Жұмысымыздың басты нәтижесі – бүгінгі таңда ел халқының 99% - ы барлық заманауи цифрлық технологияларды пайдалануға мүмкіндік алады", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Ағымдағы жылы атқарған компанияның ірі және маңызды жобаларының қатарына мыналар кіреді: желіні дедупликациялау, қалада да, ауылда да «соңғы миль» желісін жаңғырту және салу, FWA - тіркелген сымсыз байланыс технологиясын дамыту, сондай-ақ Akamai, Facebook, Google, Cloudflare, Netflix, Meta секілді әлемдік контент-провайдерлерінің қосымша кэштеу серверлерін орнату, Instagram, Whatsapp, Facebook, IGTV/Reels сервистерін пайдаланушылар үшін сапаны жақсарту бойынша шаралар қабылданды – «Қазақтелекомның» кэштелген серверлеріндегі трафикті оқшаулау есебінен кідірістерді 15% - ға дейін қысқартуға мүмкіндік туды.
«Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, біздің компанияның табысы 9 айдың қорытындысы бойынша шамамен 10% - ға ұлғайып, 470 млрд теңгені құрады (2021 жылы - 433 млрд теңге), оның ішінде деректерді беру қызметтерінен түсетін табыстың өсу пайызы 9,5% көрсетсе, желіаралық қосылыстардан 15%-дан астам өсім тіркелді.«Қазақстан қор биржасы» АҚ талаптарына сәйкес есептелген компанияның жай акцияларының баланстық құны 2021 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 40% - ға өсіп, 37 мың теңгені құрады", - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамуратова.
Қаржылық міндеттемелердің бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуді ескере отырып, компаниялар тобының қаржылық тұрақтылығы айтарлықтай нығайды – таза қарыз/ EBITDA көрсеткіші 2022 жылғы 3-тоқсанның соңындағы жағдай бойынша 0,8 x дейін төмендеді (30.09.2021 – 0,81х).
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» компаниялар тобының жалпы кірісі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (283 млрд теңге) 7% - ға ұлғайып, 301 млрд теңгеден асқан болатын. Бұл ретте EBITDA мөлшері (пайыздарды, салықтарды, тозуды және есептелген амортизацияны төлеу бойынша шығыстар шегерілгенге дейінгі пайда көлемі) 1% - ға төмендеп, 139 млрд теңгені құрады. Ал қараша айының ортасында компания 2021 жылғы бөлінбеген таза пайдадан 39 млрд теңгеден астам қаржыға дивидендтер төледі, бұл 2020 жылғы төлем мөлшерінен 2 есе артық.