Қазақтелеком 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,53 млрд теңге көлемінде дивиденд төлейді. Бұл компанияның жариялаған дерегінде көрсетілген.
Компания дивидендтерге шоғырландырылған таза табыстың 15%-ын бағыттайды. Бұл есептен тоқтатылған қызметтен түскен пайда мен «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясындағы үлесті сатуға байланысты ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қайта бағалау әсері алып тасталған.
Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері — 321,06 теңге.
Еске салсақ, 2025 жылы компания бір акцияға 26,6 мың теңге дивиденд төлеген — бұл қазіргі көрсеткіштен шамамен 83 есе жоғары. Сол кезде жалпы төлем көлемі 293,44 млрд теңгені құрады. Мұндай ірі сома 2025 жылдың қаңтарында «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының 1,1 млрд долларға Power International Holding пайдасына сатылуымен байланысты болды.
Компанияның негізгі акционері — Самұрық-Қазына (үлесі 91%). Қор шамамен 3,21 млрд теңге дивиденд алады.