"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылы компанияның меншікті капиталы 644 177 366 мың теңгеге жетті, алдыңғы жылы 518 539 997 мың теңге болған еді.
Жиынтық активтер 1 115 426 174 иың теңгеден 1 234 585 295 мың теңгеге, жиынтық міндеттемелер 596 886 177 мың теңгеден 590 407 929мың теңгеге жетті.
Таза пайда 594 193 187 мың теңге болды. Алдыңғы жылы 527 330 225 мың теңге болған еді.
Жай акцияның баланстық құны 226 190 5944 мың теңге.
Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті "Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік "Қазақтелеком" АҚ және оның еншілес компанияларының барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді.