Қазақстандық банктердің несие портфелі өсіп келеді. Қарыз көбейген сайын оның сапасын да бақылауды күшейту керек.
Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді бұрынғыдай асырағылары жоқ. Несие портфеліні сапасы төмендеп, берілген қарыздары қайтпай қалып жатса лицензияларынан айыруға да бар.
Бірнеше банктер осылай нарықтан шығып та қалды. Қазір ұзын саны 22 банк бар. Былтыр олардың саны 27 еді, ал бес жыл бұрын тіпті 34 болған.
Биыл банктер кешіктіріліп жатқан қарыздарын жинауға көп көңіл бөле бастады. Бір айда банктердің несие портфелі 3,4% көбейді, ал былтырдан бері көрсеткіш 18,2% өсіп, 18,08 трлн теңгеге жетіп отыр. Ал 90 күннен артық кешіктіріліп жатқан қарыз (NPL 90+) көлемі керісінше бір айда 3,8%, ал бір жылда 39,4% азайып 775,1 млрд теңгені құрады. Бұл банктерді берген жалпы қарызының 4,3%-ы, ал былтыр берілген несиенің 8,4%-ы 90 күннен артық кешіктірілген еді.
Несие сапасы рейтингінде ең алда Отбасы банкі. Бұл банктің берген қарызының бар болғаны 0,07%-ы ғана нашар несие саналады.
Екінші орында Альфа-Банк. Альфа-Банктің NPL 90+ көрсеткіші 1,8%. былтыр көрсеткіші 3% болған еді.
Ал үшінші орында Халық банкі. Бұл банктің берген несиесінің 3,2%-ы кешіктіріліп жатыр. Былтыр жағдай 6,4% еді.
Басқа-басқа Kaspi Bank несиесінің ішінде қайтарылмай жатқан қарыз көлемі 4,2-ақ пайыз екені таң қаларлық. Бұл банк кепілсіз шағын несие берушілердің бірі екені белгілі. Былтыр банктің қайтпай жатқан қарызы 6,7% болған еді.
Айта кетерлігі, елдегі ең ірі он банктің ішінде жетеуі өздерінің несие портфелдерінің сапасын жақсартқан.
Несие сапасын жақсарту оның көлеміне кері әсерін тигізіп жатқан жоқ. Мәселен, Отбасы банкі бір жылда несие портфелін 50,4% өсіріп, 1,82 трлн теңгеге жеткізді. Ал NPL 90+ көлемі 48,3% азайып, бар болғаны 1,3 млрд теңгені құрады.
Альфа-Банк несие портфелін 52,8% өсіріп 469,5 млрд теңгеге жеткізіп, нашар несие көлемін керісінше 10% төмендетіп, 8,2 млрд теңгеге жеткізді.
Halyk Bank берген несиесін 22,3% көбейітіп, 5,67 трлн теңгеге жеткізді де, тоқсан күннен артық кешікітіріліп жатқан қарыз деңгейін 40% азайтып, 178,6 млрд теңге қылды.