22-26 қараша аралығында "KASE Global" секторында акциялармен сауда-саттық көлемі 432,5 млн теңгені ($1 004,5 мың) құрады.
Аталған кезеңде "KASE Global" секторында жалпы сомасы 432,5 млн теңге немесе 1 004,5 мың АҚШ долларына шетелдік компаниялардың 10 450 акциясымен 518 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – жалпы сомасы 148,7 млн теңге немесе $345,5 мың болатын 41 мәміле;
- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 36,9 млн теңге немесе $85,5 мың болатын 15 мәміле.;
- US0605051046 (BAC_KZ) Bank of America Corporation – жалпы сомасы 32,4 млн теңге немесе $75,1 мың болатын 53 мәміле.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 25 акциясымен, 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап тағы 12 бағалы қағаздармен сауда-саттық ашылды.
Бастапқы кезеңде осы секторда сауда-саттық үшін америкалық алаңдарда листингтен өткен және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялар қолжетімді, сауда-саттық Нұр-сұлтан қ.уақытымен 11:20-дан 22:00-ге дейін Т+2 шарттарында өткізіледі. Бағалы қағаздарға баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.