Былтырдан бері Қазақстанда халықтың инвестициялық белсенділігі артты. Елдің қаржылық сауатының артуы, банк депозиттері тартымдылығының төмендеуі мен инфляцияның жоғарылығы түрлі инвестициялық құралдарға деген сұранысты арттырды.
2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, интервалды және ашық пайлық инвестициялық қорлардың таза активы былтырғыдан 2,2 есе көбейіп рекордтық 128,9 млрд теңгеге жетті.
Валюталық ПИҚ-тар доллармен инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Активтердің шамамен 95%-ы шетел валютасына тиесілі.
Елдегі ең ірі ПИҚ-тардың бірі Halyk Finance, оның активы 57,2 млрд теңге.
Жыл басынан бері Halyk Finance таза активы 2,7 есе өскен. Оның себебі қордың табыстылығы болса керек, қазір қор салымшылары валютамен жылдық 6,74% тауып отыр. Айта кетейік, қазір Қазақстанда доллармен салынған депозиттің табыстылығы 1%.
Екінші орында BCC Invest, портфелі 50,9 млрд теңге. Екінші орындағы BCC Invest активы жыл басынан бері 56,5% көбейді.
Үздік үштіктегі Jusan Invest активы 8,2 млрд теңге.
Төртінші орында "Фридом Финанс" АҚ активы 3,8 млрд теңге, ForteFinance АҚ активы 1,5 млрд теңге.