Қазақтар орыстың ЛАДА-сынан бас тартып жатыр
Сатылған көліктің 7,6%-ы ЛАДА. 

2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда биылғы қарашада сатылған жаңа көліктер саны 13% өсіп, 10 028-ге жетті. 

"Биыл автокөлік өндірісінің төмендегеніне қарамастан, бізде үш айдан бері сатылым көлемі 10 мың айналасында", деп жазды өзінің телеграм арнасында "ҚазАвтоӨнеркәсіп" басқарма төрағасының орынбасары Артур Мискарян.

Қараша айындағы ең жоғары сұранысқа ие көліктер: 

Chevrolet – 2 243 көлік;

LADA – 1 482;

Toyota – 1 292;

KIA – 919;

Hyundai – 884.

LADA көлігінің сатылымы қараша айында қазан айымен салыстырғанда айтарлықтай артқанымен, 11 айдың жалпы қорытындысы бойынша көрсеткіш былтырғы 11 айдан 101% аз. Алайда әлі де болса Ресей көлігі үздік бестіктен түскен жоқ. 

11 айда ең көп сатылған ТОП-5 бренд:

Chevrolet – 27 193 авто;

Hyundai – 20 327;

Toyota – 12 741;

KIA – 8 773;

LADA – 8 156.

11 айдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар салоннан 106,9 мың жаңа көлік алды. Бұл былтырғы 11 айдағыдан 35% көп. 

Алдын ала жоспар бойынша, биыл сатылған жаңа көліктер саны 117 мыңға жетпек.