Өңірлер бойынша Шымкент алда. Үшінші мегаполиста 17,8 мың тонна өнім өндірілген. Былтырғыдан 16,3% көп. Екінші орында астана (16,7 мың тонна, -19,2%) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, -1,3%).
2020 жылы Қазақстанда 179,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілген еді. Бұл 2019 жылғыдан 6,2% артық.
2021 жылдың қаңтар-шлде аралығында отандық компаниялар елдегі сұраныстың 82,3%-ын жапты. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 84,7% болған еді.
Сонымен қатар ішкі нарықта сату көрсеткіші 20,5% төмендеп, 71,3 мың тонна болса, экспорт 11,9% өсіп 35 мың тонна болды.
Тамыз айында макарон өнімдерінің бағасы бір жылда 11,1% өсті. Соның ішінде ең көп Атырау облысында (22%), Қызылорда облысында (18,4%) және Қарағанды облысында (17,5%) қымбаттады.