2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында елде әлсіз алкогольдік өнімдерді өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеді, деп хабарлайды energyprom.kz.

Сыра өндірісі 4%-ға, 273,9 млн литрге дейін, табиғи жүзім шарабы – 25,2%-ға, 10,8 млн литрге дейін, ликерлер және басқа да осыған ұқсас алкогольдік сусындар – 1%-ға, 927,9 мың литрге дейін төмендеді.

Ал күшті алкоголь сегментінде басқаша жағдай. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда арақ өндірісі бірден 2,3 есеге, яғни 20,1 миллион литрге, ал коньяк өндірісі 20,6 пайызға, яғни 4,9 миллион литрге дейін өсті.

2022 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша жергілікті өндірушілер арақ пен алкогольдік өнімдерге сұранысы 2021 жылдың қаңтар-сәуірінде 76,3% болса, биылғы төрт айда 84,1%. 

Коньяк пен коньяк сусындары сегментінде жергілікті өндірушілердің үлесі өсті. Бір жыл бұрын отандық өнімлерді тұтыну 57,5% болса, қазір 74,5%. Бір жылда импорт 44,3%-ға қысқарды. Ішкі нарыққа 4,8 миллион литр өнім сатылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артық.

Еліміздің шарап зауыттары сұранысты 65,4%-ға (бір жыл бұрын 65,1%) өтеген. Ішкі нарықта шарап сату көлемі бір жылда 8%-ға өсіп, 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 10,8 млн литрді құрады. Экспорт бірден 220 есе өсті, бірақ бар болғаны 176,1 мың литр.

Қазақстандық сыра қайнату зауыттарының нарықтағы үлесі, керісінше, сәл төмендеді – 92,7%-дан 90,9%-ға дейін. Бір жылда көбікті сусын импортының көлемі 22,4%-ға өсті. Ішкі нарықта сыра сатылымы 227,5 млн литрді құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,8%-ға аз.

Маусым айында алкогольдік ішімдіктердің бағасы бір айда 1,9%-ға, бір жылда бірден 14,6%-ға өсті. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғары жылдық баға өсімі (2011 жылдан бері ҚР BNS ASPIR статистикасы келтірген).

Ескерту: биыл Ресейдің Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін алкогольдік сусындардың бағасы ай сайын айтарлықтай өскенін көрсетті: наурызда – бірден 3%-ға, сәуірде – 2,6%-ға, мамырда – тағы 2,5%-ға. Салыстыру үшін, 2021 жылғы маусымнан 2022 жылғы ақпанға дейін алкогольдік өнімдер бағасының ай сайынғы өсуі 0,1%-дан 0,9%-ға дейін болды.