Қазақтар AMD мен Micron акцияларын сатып алып жатыр

Бір аптада 300 млн теңгеден артық сомаға сауда жасалды.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14-18 ақпан айында "KASE Global" секторындағы акциялардың сауда- саттықтарының нәтижелерін ұсынады. 

Көрсетілген кезеңде «KASE Global» секторында шетелдік компаниялардың 8 985 акциясымен жалпы сомасы 305,1 млн теңгеге немесе $710,1 мың долларға 661 мәміле жасалды.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді: 

- Advanced Micro Devices, Inc. US0079031078 (AMD_KZ) – жалпы сомасы 61,3 млн теңгеге немесе $142,7 мәміле.; 

- Micron Technology, Inc. US5951121038 (MU_KZ) – жалпы сомасы 56,5 млн теңге немесе $131,4 мың 26 мәміле.; 

- SALESFORCE.COM Inc US79466L3024 (CRM_KZ) – жалпы сомасы 22,1 млн теңге немесе $51,5 4 мәміле. 

Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шет елдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен 43 сауда-саттық ашылды. 

Бастапқы кезеңде осы сектордағы сауда-саттыққа американдық биржаларда тіркелген және KASE ресми тізіміне енгізілген шетелдік акциялары қолжетімді. 

Бағалы қағаздардың баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.