Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 43,3 млрд долларға жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% аз.

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде ең көп үлесті келесі елдерге тиесілі: Қытай – 9,0 млрд доллар (өткен жылдың кезеңінен 10,3% артық), Ресей – 7,4 млрд доллар (14,4% аз) және Түркия – 6,4 млрд доллар (14,6% артық).

Аталған кезеңде Қазақстаннан экспорт 25,6 млрд долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,5% аз. Көрсеткіштің төмендеуі табиғи уран экспортының 2,1% және бидай экспортының 46,9% төмендеуімен байланысты.

Экспорт құрылымында басым: шикі мұнай – 57,0% (14,6 млрд доллар), катодтар – 4,7% (1,2 млрд доллар), кен – 3,5% (938,4 млн доллар), табиғи уран – 3,1% (868,6 млн доллар), феррохром – 2,3% (663,3 млн доллар), бидай – 1,2% (316,4 млн доллар).

Экспорт тұрғысынан мына елдер көш бастап тұр: Италия – 6,0 млрд доллар (өткен жылғы кезеңнен 15,5% артық), Қытай – 4,6 млрд доллар (26,3% артық), Ресей – 2,4 млрд доллар (27,6% аз).

Қазақстанға импорт 7,8% азайып, 17,8 млрд долларды құрады. Көрсеткіштің төмендеуі смартфондар импортының көлемінің 12,8%, жеңіл автомобильдерге арналған шанақтың 20,8%, көлемі 1500 текше см-ден асатын автомобильдердің 23,2% төмендеуімен байланысты.

Импорт құрылымында басым: дәрілік заттар –2,5% (434,9 млн доллар), ұшу аппараттары – 2,3% (417,1 млн доллар), смартфондар – 2,3% (409,9 млн доллар), жеңіл автомобильдерге арналған шанақ – 2,0% (363,3 млн доллар), көлемі 1500 текше см-ден асатын автомобильдер – 1,9% (345,2 млн доллар).