Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара сауда айналымы 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында 25,3 млрд доллар болды. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 9,3% аз. Экспорт та (–9,2%), импорт та (–9,4%) төмендеді.

Экспорттағы өзгерістер

ЕО-ға жеткізілетін қазақстандық экспорт негізінен шикізатқа тәуелді болып отыр. 7 айда мұнай экспорты – 1,8 млрд долларға азайды (–9,1%), уран – 40% төмендеді, мұнай өнімдері – –39,5%, мыс катодтары – –96,2%, ұшақтар – –89,5% азайды.

Сонымен қатар бірқатар тауар бойынша өсім байқалды: алюминий – 164 млн доллар (2,7 есе өсті), бидай – 70,5 млн доллар (өсім 2,7 есе), сұйытылған газ – 59,5 млн доллар (өсім 2,7 есе), зығыр тұқымы – 49,4 млн доллар (2 есе өсті).

Сарапшылардың пікірінше, шикізат жеткізілімінің құлдырауы Қазақстанның экспорт құрылымындағы әлсіздікті айқын көрсетіп отыр.

Импорт жағдай

Қазақстанның ЕО-дан импорты да азайды. Төмендеген негізгі тауарлар: ұшақтар – –65%, дәрі-дәрмек – –14,8%, азық-түлік өнімдері – –60,3%, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтар.

Сонымен бірге, импорттың кейбір бағыттары айтарлықтай өскен: бу қазандықтары – 59 есе, металл өңдеу станоктары – 14,7 есе, генераторлық қондырғылар – 4,3 есе, термоөңдеу жабдығы – +43 млн, 2,3 есе, парфюмерия – +37,7 млн, 2 есе. Бұл тенденция Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс пен тұтыну құрылымының өзгеріп жатқанын көрсетеді.

Елдер бойынша серіктестік

Италия – негізгі әріптес: экспорт – 9,4 млрд доллар (–13,4%), импорт – 690 млн доллар (–6,8%). Нидерланды – 3,2 млрд доллар (+16,4%). Франция – 1,7 млрд доллар (–27,2%). Германия – 758 млн доллар экспорт (+14,9%), импорт 1,6 млрд доллар көлемінде тұрақты.

Кіші серіктестер ішінде өсім байқалды: Бельгия – +54,7%, Швеция – +121,5%, Венгрия – +223,4%.