Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың 1 қазанындағы мәліметке сай, Қазақстанның сыртқы қарызы $169,9 млрд болды.
2020 жылдың қазанында көрсеткіш $164,9 млрд еді. Осылайша, сырттан келген инвестиция 3% көбейді.
Қазақстанға қаржы құйған елдердің көш басында Нидерланды $63,7 млрд (+3,4%). Екінші орында АҚШ - $40,3 млрд (+7,4%). Одан кейін Франция - $13,2 млрд (-1,5%), Бермуд аралдары – $9,4 млрд (-7%), Ресей – $5,9 млрд (+15,7%), Жапония – $5,8 млрд (-1,7%), Қытай – $5,5 млрд (-12,7%).
Гонконгтан $4 млрд, Швейцариядан – $3,3 млрд.
Ең аз Чили мен Таиландқа қарызбыз. $300 мыңнан. Ал Египет пен Сейшель аралдарынан тіпті $100 мыңнан келген.