Қазақстан 78 миллиард теңгеге Түрікмен көпіріне жол салады, деп хабарлайды LS агенттігіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тас жолды қосқандағы учаскенің жалпы ұзындығы 408 шақырым. Оның ішінде Қазақстан аумағында – 156 км.
«Бағыт республикалық маңызы бар Жетібай – Жаңаөзен – Фетисово – Түрікменстан шекарасы тас жолы бойымен өтеді», - делінген хабарламада.
Ведомствода кейбір учаскелер қазірдің өзінде қалпына келтірілгенін айтты. Тағы 156 шақырымы қайта жаңғыртуға және құрылысқа жатады, оның сметалық құны 78 миллиард теңгені құрайды.
«Қазақстан аумағы арқылы өтетін тас жолдың құрылысын бастау 2025 жылдан бастап қарастырылған, өйткені негізгі жобалар аяқталды», - деді министрлік.
Түркіменстанда жоба бойынша ұзындығы 354 м және ені 21 м (төрт жолақты) Гарабогазгол шығанағы арқылы көпір салынады. Ол 2022-2024 жылдары көрші республиканың қаржысына салынады. Осыдан кейін көпірден өту ақылы болады.
Еске салайық, 8 тамызда Түркіменстанда Қазақстанға автокөлік көпірінің құрылысы басталды.