Қазақстанға күн сайын келетін Ресей Федерациясы азаматтарының саны республикадан кететіндермен салыстырғанда азайған. Ресейліктердің біразы Қазақстаннан кетіп қалды. Бұл туралы 18 қазанда ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге айтты.

Оның айтуынша, көші-қон саласындағы жағдай 21 қыркүйектегі мобилизацияға дейінгі жағдайға оралды.

«Біз бұрынғы жағдайға оралдық. Қазір Ресейден келген азаматтардың саны кетіп жатқандардан аз. Күн сайын 8-9 мың азамат келеді, 10-11 мың азамат кетеді», - деген министр Қазақстаннан кеткендердің арасында депортацияланғандар бар екенін айтып, олардың нақты санын айтудан бас тартты.

Ахметжанов көші-қон заңнамасын бұзғандардың барлығы азаматтығына қарамастан, шешім бойынша елден шығарылатынын еске салды.