Ұлттық статистика бюросы 2022 жылдың сәуірінде қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшерінің бөлінісі бойынша жыл сайынғы зерттеуін жүргізді.
Онда 2022 жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорын мен кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып есептелген, іріктеліп алынған орта және шағын кәсіпорындардың 30% қатысты1). Зерттеуде барлық қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы, салық пен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2022 жылғы сәуір айында нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсібі мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Ұлттық кәсіптер сыныптауышына2) сәйкес жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2022 жылғы сәуірінде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2 976,1 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер – 47% (1 398,7 мың адам), әйелдер – 53% (1 577,4 мың адам).
Қызметкерлердің жалпы санынан
- 60 000 теңгеге дейінгі орташа айлық жалақыны жұмысшылардың – 1,4%-ы;
- 60 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 17,5%-ы;
- 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін – 32,6%-ы;
- 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 19,8%;
- 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 14,4%;
- 420 000 теңгеден 600 000 теңгеге дейін – 8,4%-ы,
- 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 2,5%-ы;
- 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 1,7%;
- 900 000 теңгеден жоғары қызметкерлердің 1,7% алды.
Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медианалық мәні 204 149 теңгені құрады.
2021 жылмен салыстырғанда орта есеппен басшылардың жалақы деңгейі 24,5% өсті, өнеркәсіп, құрылыс, көлік сияқты басқа да ұқсас қызметтердегі жұмысшылардікі – 28,9%, ал біліктілігі жоқ жұмысшылардікі – 26,4%.
Орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 182 563 теңгені, жоғары білімімен – 337 222 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардікі 433 043 теңгені құрады.
Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде:
- 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақы 196 220 теңгені,
- 25 жастан 28 жасқа дейін 236 522 теңгені,
- 29 жастан 34 жасқа дейін 273 577 теңгені,
- 35 жастан 44 жасқа дейін 295 820 теңгені,
- 45 жастан 54 жасқа дейін 273 838 теңгені,
- 55 жастан 64 жасқа дейін 258 724 теңгені,
- 65-тен жоғарыларда 256 947 теңгені құрады.
1)Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
Медиана жалақысы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер саны қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін ( одан төмен және жоғары) жалақы мөлшері;
2)Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген.