Қазақстандықтар зейнетақы жинағын 100%-ға дейін жеке басқарушыларға бере алады

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын 100%-ға дейін жеке басқарушыларға бере алады

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын басқару ережелері өзгерді. Енді БЖЗҚ салымшылары міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қаражатты 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) бере алады. Бұған дейін жеке басқарушыларға мұндай жинақтардың 50%-ынан аспайтын бөлігін ғана беруге болатын.

Бұл өзгеріс зейнетақы қаражатын шешіп алу немесе мерзімінен бұрын пайдалану дегенді білдірмейді. Жинақтар зейнетақы мәртебесін сақтайды және БЖЗҚ-дағы салымшының жеке зейнетақы шотында есепке алына береді. Тек оларды инвестициялау тәсілі өзгереді. Салымшы зейнетақы капиталының қандай бөлігін Ұлттық Банктің басқаруында қалдыратынын, ал қандай бөлігін кәсіби басқарушыға беретінін өзі шешеді. Бұл ретте қаражаттың 100%-ын түгел беру міндетті емес.

Басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек

Зейнетақы жинақтары — ұзақ мерзімді капитал. Сондықтан ИПБ таңдағанда тек ағымдағы табыстылыққа емес, ұзақ мерзімдегі нәтижелерге, инвестициялық стратегияға, портфельдің әртараптандырылуына, валюталық құрамына және тәуекел деңгейіне назар аударған жөн. Инвестициялық портфельді басқарушылар, олардың инвестициялық қызметі және портфельдерінің құрылымы туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның ресми сайтынан көруге болады.

«Alatau City Invest» АҚ зейнетақы активтерімен жұмыс істейтін инвестициялық портфельді басқарушылардың қатарына кіреді.

2023 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 шілдеге дейінгі кезеңде Alatau City Invest басқаруындағы зейнетақы активтерінің абсолюттік табыстылығы 56,27% болды. Салыстыру үшін, осы кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 45,51% болды.

Alatau City Invest компаниясының «қалыпты» портфель түрі бойынша стратегиясы ұзақ мерзімді инвестициялық көкжиек пен әртараптандыруға бағытталған. Қаражат облигациялар, акциялар, ақша нарығының құралдары және халықаралық биржалық қорлар арасында бөлінуі мүмкін. Портфельді қалыптастыру кезінде ықтимал кірістілікпен қатар тәуекелдер, валюталық құрылым, өтімділік және инвестициялар географиясы да ескеріледі.

Жақын арада Alatau City Invest салымшылар үшін «консервативті» және «тәуекелді» стратегияларға негізделген тағы екі инвестициялық портфель түрін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл болашақ зейнеткерлер үшін инвестициялық стратегиялар таңдауын кеңейтіп, салымшыларға өз қалауларына, кірістілік бойынша күтулеріне, инвестициялау көкжиегіне және тәуекелге бейімділігіне қарай портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Шешім инвестициялық стратегияны, тәуекел деңгейін, инвестициялау көкжиегін және нақты басқарушының нәтижелерін түсінуге негізделуі тиіс», — деп атап өтті Alatau City Invest өкілдері.

Зейнетақы жинақтарын қалай беруге болады

Алдымен зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген ИПБ тізімінен басқарушыны таңдау қажет. Өтінішті ЭЦҚ арқылы БЖЗҚ-ның жеке кабинетінде онлайн беруге немесе қор бөлімшесіне жеке жүгінуге болады. Өтініш мәртебесі мен қаражаттың кейінгі аударылуын БЖЗҚ-ныңцифрлық сервистері арқылы бақылауға болады.

Өткен кезеңдердегі табыстылық болашақта дәл сондай нәтиже болатынына кепілдік бермейді. Басқарушыны және берілетін қаражат көлемін салымшы өзі таңдайды.

«Alatau City Invest» АҚ. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған №3.2.239/16 лицензиясы, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 22.08.2025 ж. берілген.