Қазақстандықтар қысқа мерзімді кредит ала бастады

Ұзақмерзімді қарыз алу азайды.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі іс жүзінде өзгермей, 2022 жылғы қаңтардың соңында 18 502,8 млрд теңгені құрады (жылдық көрсетудегі өсу 26,8%). Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 714,7 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға төмендеп, жеке тұлғаларға – 10 788,1 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 16 705,9 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,5%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 796,9 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 6,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 0,3%-ға азайды. 2022 жылғы қаңтардың соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды. 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 625,4 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға төмендеп, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 877,4 млрд теңгеге дейін 16,6%-ға ұлғайды

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы қаңтарда 3 581,1 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға төмендеді (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 46,4%-ы).

2022 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2021 жылғы қаңтарда – 11,5%), жеке тұлғаларға – 17,7% болды (18,5%).