Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың қаңтар айындағы KASE Global секторындағы акциялар сауда-саттығының нәтижелерін ұсынады.

Аталған кезеңде KASE Global секторында шетелдік компаниялардың 93 020 акциясымен жалпы сомасы 1 991,7 млн теңгеге 4 519 мәміле жасалды.

Көрсетілген кезеңдегі сауда-саттықтың ең көп көлемі келесі бағалы қағаздарға түсті:

  • Apple Inc. – жалпы сомасы 449,4 млн теңгеге 541 мәміле;
  • Intel Corporation – жалпы сомасы 191,9 млн теңгеге 534 мәміле;
  • Advanced Micro Devices, Inc. – жалпы сомасы 177,3 млн теңгеге 272 мәміле.

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 17,8 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – акциялармен жасалатын мәмілелердің жиынтық көлемінің 29,9 %, жеке тұлғалардың ең көп үлесі – 52,3 % тиесілі болды.

Қазіргі уақытта KASE Global секторына 50 шетелдік эмитенттің 52 бағалы қағаздары, оның ішінде 46 атаудағы акциялар және шетелдік эмитенттердің алты ETF-і енгізілген.