Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 24-28
қаңтары аралығындағы "KASE Global" секторындағы акциялардың сауда-саттықтарының
нәтижелерін ұсынады.
Аталған кезеңде "KASE Global"
секторында жалпы сомасы 1 083,8 млн теңге немесе $2 494,5 мың сомаға шетелдік
компаниялардың 946 акциясымен 33 338 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі
акцияларға келді:
- Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ)
– жалпы сомасы 478,7 млн теңге немесе $1 102,2 мыңға 88 мәміле;
- M&T Bank Corporation US55261F1049
(MTB_KZ) – жалпы сомасы 216,5 млн теңге немесе $498 мың;
- Tesla, Inc. US88160R1014 (TSLA_KZ) –
жалпы сомасы 52,1 млн теңге немесе $119,7 34 мыңға 34 мәміле.
Қазіргі уақытта KASE жаһандық секторында
шетелдік эмитенттердің 43 бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашық екенін еске
саламыз.