2021 жылдың II тоқсанында қазақстандық отбасылардың ақылы қызметке шығыны орташа есеппен 110,9 мың теңге болды. Бұл I тоқсандағыдан 3,4% аз.
I тоқсанда аылы қызметке кететін шығын жалпы жұмсайтын ақшаның 17,8% болса, қазір көрсеткіш 16,4% болды.
Finprom.kz сарапшыларының айтуынша, ақылы қызметтердің ішінде көлік пен байланыс қызметіне кететін шығын бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,8% өсіп, 37,3 мың теңге болды.
Ал коммуналды қызмет, үйді баптау мен жөндеуге қазақстандықтар бір тоқсанда 34,5 мың теңге жұмсады. Бұл бірінші тоқсандағыдан 19,8% аз.
Денсаулық сақтау қызметінің шығыны да 3,6% азайды. Киім тігу, тазалау мен аяқ киім тазалауға да 9,1% аз ақша жұмсады.
Есесіне мейрамхана мен қонақүй қызметі мен көңіл көтеруге жұмсайтын ақша 40,4% өсі, 7,1 мың теңгеге жетті.
Айта кетейік, 2020 жылы ақылы қызметтерге кететін шығын 2019 жылғыдан 16,5% азайып, 379,9 мың теңге болған еді. Ол кезде барлық қызмет түріне шығын азайып, тек байланыс қызметіне ғана кететін шығын 5,7% өсіп, 76,6 мың теңеге жеткен.
Ал көлік қызметіне шығын тіпті 25,3% азайып кеткен еді.