Қыркүйек айында қазақстандық банктердегі депозит көлемі былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2% өсіп 24,5 трлн теңгеге жетті. Ал биылғы тамыздан бері 0,1% ұлғайды.
Деозит көлемінің өсім қарқыны бойынша Bank RBK көшбасшы. Бұл банктердегі депозит көлемі 75,9% өсіп 759,6 млрд теңгеге жетті. Бір айдың ішінде көрсеткіш 6,1% ұлғайған.
Сонымен қатар өсім қарқыны бойынша көшбасшылар қатарында Отбасы банк (+49,7%) және Kaspi Bank (+35,6%).
Жалпы бір жылда 22 банктің 20-сы депозиттік портфелін көбейтсе, соңғы айда 9 банкте өсім байқалған.
Айта кетерлігі, бір жылдық динамикада жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да депозиттегі ақшасы көбейген.
Атап айтқанда корпоративті салым бір жылда 21,9% өсіп 12,1 трлн теңгеге жетті. Мұнда да көшбасшы Bank RBK: заңды тұлғалар депозиті 2,1 есе өсіп 464,8 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалардың депозиттерінің өсім қарқыны жағынан көшбасшылар қатарында Сбербанк (+49,4%) пени Еуразиялық Банк (+49,1%) бар.
Жеке тұлғалар депозитіне келер болсақ, көрсеткіш бір жылда 22,5% көбейіп 12,5 трлн теңгеге жетті. Соңғы айда 0,2% өсті.
Мұнда көшбасшылар қатарында Отбасы банк (+49,3%), Bank RBK (+43,1%) және Kaspi Bank (+34,6%).